«Төрлетіңіз, Алтын күз!»
11.10.2017
2017 жылы 11 қазан күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте бастауыш қазақ сыныптарында «Төрлетіңіз, Алтын күз!» атты онкүндік басталды. Осыған байланысты әр кезеңде мұғалімдердің ұйымдастыруымен салтанатты жиын өтті. Жиында оқушыларды үлкен іс-шараның басталуымен құттықтап, өткізілу жоспарымен таныстырылды. Онкүндіктің әр күні белгілі бір пәндерге бөлінді. Оқушыларға осы күндері өздерін белсенді, шығармашыл, шебер, қиялшыл екендерін көрсете білулеріне жігер берілді. Онкүндікте оқушылар белсене қатысып, жақсы жетістіктерге жетулеріне ұстаздар қауымы СӘТТІЛІК тіледі.
Community discussions
Обсуждений не найдено