«Құстарды қыста қоректендіріңдер!»
12.10.2017
Қыркүйек-қазан айларында С.Мәуленов атындағы №37 орта мектепте жоғары деңгейде экология айлығы өтті: оқушылардың экологиялық мәдениетін дамыту бойынша бірқатар жұмыстар өткізілді. 1-4 сынып оқушылары аталмыш айлық аясында «Құстарды қыста қоректендіріңдер!» шарасына қатысты. Сонымен қатар «Адам табиғатпен дос , мұнымен бөліс!», «Дәрілік өсімдіктер», «Гүлдер – табиғат сыйы», «Жер-Ананы қорғайық!» атты туған жер табиғаты, құстар, өсімдіктер мен жануарлар туралы байқаулар, өлең-сөз жарыстары орын алды. Айлықтың қорытындысы ретінде мектептің акт залында оқушылар «Жер шарын сақтайық!» атты слайд-шоуды тамашалап, ойындарға белсенді атсалысты. Әрбір қатысушы сынып I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталды. Шараға барлық бастауыш сынып оқушылары мен сынып жетекшілері белсене қатысты. Мұғалімдер, оқушылар мен ата-аналардың жұмыла атқарған еңбегі баланың сана-сезіміне, экологиялық мәдениетіне ең нәтижелі әсер бергені анық.

Community discussions
Обсуждений не найдено
