Өндірістік тәжірибе өту барысы
11.10.2017
«Туризм» мамандығының 3ТРа-215 топ студенттері 11 қыркүйектен 19 қазан аралығында өндірістік тәжірибеден өтуде. Студенттер қаламыздың ірі кәсіпорындарында өз тәжірибелерін шындауда: АҚ «Акмолатурист», Қазақстан Республикасының Ұлттық Мұражайы, ММ «Спорттық-бұқаралық дирекциясы», ЖШС «DCT management», ЖШС «Таң тур», ЖШС «Aknur Expert» туристік агенттіктеріне тәжірибе өтуде. Тәжірибе барысында студенттер өзінің теориялық білімдерін тәжірибеде көрсетіп, жұмысқа жолдама алуда. Фирмада жұмыс істеу, туристерге қызмет көрсету, офисті рәсімдеу принциптерімен, қауіпсіздік ережелер бойынша нұсқаулықтарымен танысады. Әр бір жағдайлар туындаған кезде персоналдардың міндеттерін үйренеді.
Community discussions
Обсуждений не найдено