«Полиглот» ойыны
11.10.2017
2017 жылдың 27 қыркүйегінде колледжде «Тәуелсіздік – тіл тұғыры» атты гуманитарлық пәндік-циклдік комиссиясының онкүндік жоспарына сәйкес, жас мамандар арасында «Полиглот» ойыны өткізілді.
Ойынға үш пәндік-циклдік комиссиясы атынан қатысушылар қатысты. «Полиглот» ойыны үш тілде өткізілді. Ойынның мақсаты: оқытушылардың тілдерді меңгеру деңгейлерін анықтау және үштілдік оқытуды насихаттау.
Полиглот ойыны 6 бөлімнен құрылды. Бөлімнің тапсырмалары әр түрлі болды: сөйлемдердің дұрыс-бұрыстығын анықтау, қазақ тілінде берілген сұрақтарға үш тілде жауап беру, ағылшын тіліндегі сөйлем жолдарын аяқтау және т.б.
Полиглот ойының қорытындысы бойынша 1 орынды «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің оқытушысы Оразалина Балнұр Мұратқызы, 2 орынды – «Автокөліктерге қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» бөлімінің оқытушысы – Байгужина Гульсезим Нурлановна, 3 орынды – «Туризм» бөлімінің оқытушысы – Узбайрова Айгерим Турымжановна иеленді.
Community discussions
Обсуждений не найдено