№84 мектеп-лицейінде 1-сыныптармен танысу кеші өтті

06.10.2017

Астана қаласы №84 мектеп-лицейінде 6-қазан күні 1-сынып оқушыларының қатысуымен концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Балалардың алғашқы жетістіктері мен өнерлерін мектеп ұжымымен қатар ата-аналар да тамашалады. 1-сынып оқушылары өздерін маман иелері ретінде де, ертегі кейіпкерлері рөлінде де таныта білді. Мектебіміздің талантты балалары ән салып, би билесе, егіз болып туылған бірінші сынып оқушылары өлең жолдары арқылы мектепке деген махаббаттарын жеткізді.

         



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено