Соңғы қоңырау...
25.05.2017
2017 жылдың 25мамыр күні №59 мектеп – лицейіміздің ауласы мереке алдындағы үлкен бір қуанышты сәттерге толы болды.
Соңғы қоңырау...салтанатты әуен, түлектердің қобалжуы. Түлектердің салтанатты саптүзеуін ата – аналары, көрермендер,мерекеміздің айтулы қонақтары және де қамқор ұстаздарымыз қол шапалақтап қарсы алды.
Мерекемізге мектеп директоры Жумабекова Алма Алтынхановна мен он бірінші сынып оқушыларының сынып жетекшілері қатысты., ата – аналар мен қонақтар түлектерімізге бақыт тілеп, алдағы емтихандарға сәттілік тілектерін білдірді. Бірінші сынып оқушыларымен оныншы сынып оқушылары түлектерге өлең жырларын арнап үлкен өмірлік жолға сәттілік тілектерін білдірді. Мектеп өміріндегі соңғы қоңырау соғу мектебіміздің «Алтын белгі » үміткері Колесникова Анжеликаға және 11 А және 11 Б сынып оқушыларының бес үздік оқушыларына бұйырды.
Осы күні сыпайы, тұйық оқушыларымыз қоштасу алдында өздерінің ыстық лебіздерін және мұғалімдер мен ата – аналарына алғыстарын білдіріп жатты. Аспанға ұшырған шарлары өмірлерінің жаңа кезеңі басталғанының бірден бір белгісі екенінін көрсетті.Салтанатты мерекеміздің соңында оқушыларды қонақтарымыздың ыстық қол шапалақтауларымен шығарып салдық.
Соңғы қоңырау мерекесі өте жақсы және әсерлі болды. Бұл қуаныш пен бақытты сәттерге толы түлектеріміздің ата-аналар мен мұғалімдердің күлкісімен, көздеріне қуаныштан жас алуы соның бірден – бір куәсі болып табылады.

Community discussions
Обсуждений не найдено
