«Сылдырла, сыңғырла, соңғы қоңырау »
25.05.2017
№52 мектеп-гимназиясында «Сылдырла, сыңғырла, соңғы қоңырау» салтанатты мерекесі болып өтті. Мектеп-гимназиядан түлеп ұшқан 78 жас түлекті мектеп директоры Байтасова Ұлболсын Бекмырзақызы құттықтап, жас түлектерге сәт-сапар тілеп, оқушыларымызға ақ жол тіледі. Сөз кезегін құрметті де қадірлі ата-аналарымыз атынан Акмаганбетов Муратбек Ермекұлы атамыз сөз сөйлеп, жас түлектерді құттықтап, ақ батасын берді. Соңғы қоңырау соғу салтанаты мектеп түлектері «Алтын белгі» үміткерлері Ермекова Дидар, Төлендина Мадина және 1 сынып оқушысына тапсырылды.
Ұмытпаңдар, алтын ұя мектебіңді,
Ұстазыңды, балалық шақ көктеміңді.
Орындап мақсат-міндет, арманыңды
Жасай бер, туған елге еңбегіңді,- деген тілекпен мектеп түлектеріне сәт сапар тілейміз!!!![]() |
Community discussions
Обсуждений не найдено

