«Салауатты тамақтану мектебі»
18.05.2017
Бүгін 2017 жылы 18 мамыр күні «Салауатты тамақтану мектебі» оқу бағдарламасы аясында және кезекті оқу жылының аяқталуының алдында Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте Астана мен Алматы қалаларының 2 сынып оқушыларының арасында 1200 км. ара қашықтықты жақындатқан интерактивті диалог түрінде телекөпір өтті.
Астана қаласның Білім басқармасының әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Ибраева Гульнара Кульмухамедовна, «Нестле Фуд Казахстан» ЖШС-нің демеушілік қолдаушысы Есентаева Айгуль, «Салауатты тамақтану мектебі» әдістемелік құралдың авторы Иманғожина Орик Зейнуловна ұйымдастырушылары бағдарламаға әдемі және эмоционалдық тонусты берді.
Іс- шараның барысында 2-ші сынып оқушылары өз командаларымен таныстырды: Астана - «Дәрумендер», Алматы – «Алмалы – қала». Ұраны мен ән шырқалды. Телекөпірдің ең шарықтау шегі бейнеролик пен ертегінің қойылымы болды. «Шалқан» халық ертегісі бойынша балалар салауатты тамақтану бағдарламасын жақсы білетінін ғана емес, сонымен қатар шығармашылық, артистік өнерлерін көрсетті. Балалар көкөністер мен жемістердің құрамындағы әртүрлі дәрумендер туралы білімдерін көрсете білді. Біз нық сенімдіміз әрбір оқушы салауатты өмір салты және дұрыс тамақтану, әдеп және гигиена ережелері туралы толық мағлұматтарды игергенінде.
Асанова Ж.К.

Асанова Ж.К.

Community discussions
Обсуждений не найдено
