Мұражайға саяхат

11.05.2017

    1997 жылдан бастап 31-мамыр саяси  қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып ресми бекітілген болатын. Биыл, тағдыр тəлкегіне түскен тарихи тұлғалар саяси қуғын-сүргіннің басталғанына 80 жыл. 1937-1939 жылдар аралығында қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбандарына айналды.  Жұбан Молдағалиев «Мен қазақпын» атты өлеңінде:

«Мен қазақпын мың өліп,  мың тірілген,

Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.

Жылағанда жүрегім күн тұтылып,

Қуанғанда күлкімнен түн түрілген»

деп жырлағанындай, қазақтын басынан өтпеген зұлмат кемде-кем. Алайда, тоталитарлық саясаттың машинасы бәрінен асып түсті. Қазір осы күнді аза тұту күні ретінде атап өту парызымыз. Себебі, өткенін ұмытқан ұлттың болашағы жоқ. 11-мамыр күні  мектебіміздің  8-сынып оқушылары  «АЛЖИР» мұражайына экскурсияға барды. Оқушылар, осы қанқұйлы жылдардың ақиқатын,  жазықсыз құрбаны болған адамдардың есімдерін  біліп, оларды мәңгі ұмытпай, әрқашан есте сақтау парызымыз деген оймен оралды.

 

 



 



Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено