29.04.17 күні біздің мектебімізде сенбілік өтті.
02.05.2017
Астана қаласы әкімінің 2017жылғы 10 сәуірдегі № 09-16 өкімі негізінде «Біз таза қаланы қолдаймыз» санитарлық тазалау, абаттандыру және көгалдандыру бойынша жалпықалалық экологиялық айлық және сенбілікті өткізу тапсырмасын орындау мақсатында «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты экологиялық-санитарлық айлық жоспары негізінде жалпықалалық сенбілік өтілді. Сенбілікке барлық сынып оқушылары жақсы дайындықпен келді, арнайы формада, «Біз таза қаланы қолдаймыз» атты ұранмен сенбілікке шақыру үндеу плакаттары болды. Арнайы флешмоб ұйымдастырылды. Сенбілік барысында мектеп ауласы тазартылды, ағаш түбі қопсытылып, әктелді, бордюрлер сырланды. Сенбілікке барлығы 2085 адам қатысты.








Community discussions
Обсуждений не найдено
