"Татулық-достықтың алтын бесігі" атты ата-аналар мен ұстаздарға арналған мерекелік іс шара болып өтті.
02.05.2017
Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында 29 сəуір күні "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күніне" орай мектебімізде жыл бойы жүргізілген үйірмелердің есебін көрсету мақсатында "Татулық-достықтың алтын бесігі" атты ата-аналар мен ұстаздарға арналған мерекелік іс шара болып өтті. Іс шарада арнайы ұйымдастырылған мектеп-студиясында мектеп директоры Нүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызы оқушы қызымыз Ризамен сұхбат барысында татулық, бірлік туралы өз ойымен бөлісіп, ата-аналарға жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, іс шарада "Техникалық қолөнер", сурет үйірмесі жəне "Қолөнер" үйірмелерінен көрмелер қойылды. Оқушылардың жетістіктерін көрген ата- аналар оқушылардың бос уақытын үнемді өткізу мақсатында əр бағытта жұмыс жасап келе жатқан үйірмелерге қолдау көрсеткен мектеп директоры Жеңіскүл Темірханқызына жəне үйірме жетекшілеріне алғыстарын білдірді.




Community discussions
Обсуждений не найдено
