"Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" мақсатында 8-10 сынып ұлдарына арналған дəріс болып өтті.
20.04.2017
Астана қаласы №74 мектеп-гимназиясында 20 сəуір күні директордың тəрбие ісі жөніндегі орынбасары Г.А.Ускенбаева мен мектеп инспекторы полиция капитаны Э.М.Бирмагамбетованың ұйымдастыруымен "Жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу" мақсатында 8-10 сынып ұлдарына арналған дəріс болып өтті. Дəрісті оқыған Алматы ауданы ішкі істер басқармасының аға жедел өкілі, полиция капитаны Манжиев Мадияр Сабыржанұлы. Дəріс соңында оқушылар өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ұрлық, балалар арасындағы төбелес, қарақшылық, күшпен ақша талап ету кезінде ҚР заңына сəйкес қандай баппен жауапқа тартылатындықтары жөнінде мəліметтер алды.



Community discussions
Обсуждений не найдено
