«Денсаулық – байлықтан қымбат»
20.04.2017
19 сәуір күні СӨСҚ орталығының медбикесі - Рахимова Омина Бахадырқызы дәріс оқыды. Дәрістің тақырыбы «Мидың жақсы жұмыс істеуі үшін қандай жеміс-жидектер пайдалы?». Бұл дәріске 6«В»-сыныбының оқушылары қатысты. Дәрістің негізгі мақсаты зиянды, жат қылықтардан аулақ болып, салауатты өмір сүру екендігін ұғындыру болды. Балалар денсаулық үшін пайдалы барлық жеміс-жидектер жайлы мағлұмат алды. Белсенді түрде сұрақтар қойып, ойларымен бөлісті. Қоғамымызда ертеңгі дені сау ұрпақ өсуі үшін осындай тақырыпта кездесулердің ұдайы өткізілуі ғанибетті іс болмақ.
Community discussions
Обсуждений не найдено
