Критериалды бағалау заманауи мектептегі жаңа технология ретінде
11.04.2017
Бүгін №37 орта мектепте «Критериалды бағалау заманауи мектептегі жаңа технология ретінде» тақырыбында екі күндік семинары аяқталды. Мектебіміздің 44 мұғалімі Мұхамедханова Алмагүл Кенесханқызы мен Ғалымжанов Баянғали Ғалымжанұлының басшылығымен критериалды бағалау басшылықтарын қолдануды үйреніп, "Learning Group" қазақстандық ғылыми-оқу орталығының сертификаттарына ие болды. Бұл семинар осы орталықтың биылғы оқу жылында мектебімізде өткізіп отырған үшінші оқу семинары. "Learning Group" ҚҒОО (атқарушы директор Токтамысов А.К.) серіктестік нәтижесінде мектебіміздің мұғалімдері авторлық жоспарлар мен зерттеу жобаларын жүргізуді үйренді. Жаңа семинар мұғалімдердің кәсіби мамандардан әдістемелік көмек алуға септігін тигізді.

Community discussions
Обсуждений не найдено
