Бастауыш мектептің онкүндігі
14.04.2017
2017 жылдың 10 сәуірінде бастауыш сынып оқушылары мен мұғалімдері үшін пәндік онкүндіктің ашылуы өткізілді.
2017 жылдың 10 сәуірінде мектептің бірінші қабатында «Мектеп өмірі» атты постерлер көрмесі ұйымдастырылды. Барлық бірінші сыныптар өздерінің мектеп өмірі туралы фото коллаждарды ұсынды. Күн сайын мектеп оқушылары ашық, түрлі-түсті салынған суреттер қасында тоқтап, бастауыш мектеп өмірін тамашалайды.
10.04 2017 ж. А.Р. Жұмаділдаева 2Д сыныпта «Бөлу әрекетінің мағынасы. Бөлудің нәтижесі мен құрауыштарының аталуы» тақырыбына ашық сабақты өткізді. Сабақ барысында оқушылар бөлудің амалдарымен танысып, тең бөлімдерге бөлуге арналған есептерді шығарды. Сабақ балалар бойынан қызығушылық, белсенділік танытты. Оқушылар барлық сұрақтарға жауап берді және тапсырмаларды орындады. Оқушыларға ойындар, басқатырғыштар, логикалық тапсырмалар ұсынылды. Мұғалім оқытудың түрлі әдістері мен формаларын қолданады. Мемлекеттік тілді меңгерту бойынша тілдік мақсаттарды жүзеге асырады.
11.04.17 ж. сейсенбі күні 2 «Д» сыныпта «21 ғасырдың көшбасшысы» атты зияткерлік ойыны өтті. Ойын барысында оқушылар алуан түрлі сұрақтарға жауап беріп, дұрыс жауапқа балл алды.ойын соңында баллдар жиналып, жеңімпаздар марапатталды.
12.04.17 ж. «Ғарыш жолы» көрмесі ашылды. Көрмеге 4 сынып оқушыларының Ғарыш күніне орай жасаған жұмыстары ұсынылды.
Андриянова Т.А. – әдеби оқу, 4 «В» сынып. Сабақ тақырыбы: С. Лагерлёф «Нильстің жабайы қаздармен болған саяхаты. Түнгі ұрлықшы».
Мұғалім сабақ мақсатын нақты қойды. Барлық сұрақтар ойластырылған. Берілген ақпарат қолжетімді. Оқушылар алған мәлімет негізінде өз пікірлерін ашық айтып, дәлелдей алады. Сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенділігі жоғары болды. Сабақтың таңдалған мазмұны, құралдары, сабақтың барлық кезеңдерінде оқушылардың белсенді ойлау қабілеттерін ұйымдастыру, оқушылардың іс-әрекеттерін жеке, топпен және жаппай жұмыс формалары арқылы ұйымдастыру, сөздік, көрнекілік және практикалық әдістердің қолданылуы, оқулықпен жұмыс – сабақтың өз мақсатына жетуіне, оқушылардың танымдық белсенділіктерін дамуына мүмкіндік берді.
12.04 17 ж А.П.Байда 1Е сыныпта дүниетану пәнінен «Дәмді және пайдалы» тақырыбына сабақты өткізді. Балалар дұрыс тамақтану туралы ақпарат алды, пайдалы тамақтану ережелерін құрастырды. Сабақта 1 «Е» сынып оқушылары пайдалы және зиянды азық-түліктер туралы айтты, тамақты дұрыс жемейтін жаман қыз туралы ертегі көрсетті, оқушылардың орындауында дәрумендердің пайдасы туралы өлең тыңдалды. Сабақ қызықты өтті.
Жас маман Д.Э.Чигрина 1А сыныпта сауат ашу пәнінен «Салаттың жасалу реті» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта өткізілген жұмыстар жаңа білімді ашу алгоритміне сәйкес өтті.
13.04 жас маман В.В.Абжанова 1 «Б» сыныпта сауат ашу пәнінен «Жи – ши, чу – щу жазу емлесі» тақырыбына ашық сабақ өткізді. Сабақта оқытудың түрлі жұмыс формалары мен әдістері қолданылды: жұппен жұмыс, әріптестік, тақта алдындағы жеке жұмыс, жаппай сұрау. Оқуға деген танымдық қызығушылықтарын арттыру үшін әр оқушы үшін табыс жағдаяты жасалған. Сабақтың әр кезеңінде оқушылар белсенді ойлау мен зерттеу қызметіне қатыстырылды.
Community discussions
Обсуждений не найдено
