ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жұмыстары бойынша

08.04.2017

       5 сәуір күні мектебімізде қала мектептерінің Қорытынды  аттестаттау мен жаңа форматты ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жұмыстары бойынша түсіндірме жиналысы  болы өтті. Жиналысқа ҚР-ның Білім және ғылым министрлігінің өкілдері, білім басқармасының басшысы, ата-аналар комитеті мүшелері, 11- сынып оқушылары қатысты. Жалпы, 850-дей адам жиналды.          «Ұлттық тестілеу» орталығының РМҚК директоры Р.С.Әлімқұлов жаңа  форматты ҰБТ-дің мазмұны, құрлымымен түсіндіріп берді.  Оқушылардың, ата-аналардың, мұғалімдердің тарапынан қойылған сұрақтарға ҚР-ның Білім және ғылым вице-министрі Э.А.Суханбердиева, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі Мектепке дейінгі және орта білім департаментінің директоры Ж.А.Жонтаева, ҚР-ның Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық Тестілеу орталығы» директоры Р.С.Әлімқұлов мырза сұрақ жауап алысты. Оқушылар мен ата-аналар сұрақтарын қойып, нақты жауаптар ала алды. Жиналыс соңында Э.А.Суханбердиева ханым оқушылардың мектепті ойдағыдай бітіріп, мақсаттарына жетуіне тілегін білдіріп, ақ жол тіледі.






Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено