8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарлама

08.03.2017

8 Наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған концерттік бағдарлама

Мақсаты: Аналар мерекесі қарсаңында асыл аналарды құттықтау, оқушылардың бойына адамгершілік деген асыл қасиетті сіңіру. Оқушыларды мейірімділікке, ұстамдылыққа тәрбиелеу, ұстазға, ата-анаға деген сый - құрметтерін арттыру, ана еңбегін қадірлей білуге үйрету.

   07.03.17 жылы сағат 12:30 мектебіміздің мұғалімдерімен қызметкерлеріне арналған мерекелік  шара өтті. Концерттік бағдарламамыз бірінші кезекте оқу ісі жөніндегі орынбасары Алимбеков Д.Д пен бейнелеу өнерінің мұғалімі Солтанбеков Н.М құттықтау сөздерімен ашты. Концерттік іс – шарамызда қызықты бағдарламалар қойылып мұғалімдерге арналды. Аса маңызды өз туындысынан шыққан 11 «Б» сынып оқушысы Музафар Сарафат «Ана » тақырыбында өз шығармашылығын көрермендерге сыйлады. Мұғалімдер мен мектеп қызметкерлеріне мерекелік іс – шара қызықты да жылы көктемдік эмоцияларға толы мерекелік шара болды. Әр түрлі өнер номерлері қойылып, мұғалімдер қауымы дән риза болды. Ана жайлы тамаша сөздер, өлеңдер, әндер арқылы ұстаздар – аналар мен аруларды мерекемен құттықтады.

Осы көктемнің алғашқы күнінде мектеп ұжымына жылы шырайлы көңіл – күй сыйлай білдік.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено