«Мамандыққа 7 қадам»

10.03.2017

Мектептің орта білім беру деңгейі оқушылардың бағдарлы бағыттар шеңберінде өз бетінше білімге деген сұраныстары мен қызығушылықтарын анықтауға ,олардың өмір бойы оқуға дайындығы мен кәсібінің анықталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Осы мақсатта №48 мектеп лицейінің география пәні мұғалімі Сембина Н.Д.  11 сыныптар арасында  оқушылардың қызығушылықтарын ескере келе, географиямен байланысты мамандықтарға көңіл аударту мақсатында «Мамандыққа 7 қадам» тақырыбында сыныптан  тыс жұмыс өткізді.  Бұл іс шараға Еуразия Ұлттық Университетінің ғалым ұстаздары Керімбай Н.Н. профессор, геоинформатика ғылымының докторы, Керімбай Б. С. Жаратылыс тану ғылымдарының магистры,Маштаева Ш.И. география ғылымдарының кандидаты доцент, Инкарова Ж.И. биология ғылымдарының кандидаты Бекбаева А.М. магистр қатысты. Оқушыларға мамандықтар туралы ақпараттар беріліп, оқушылар өздерінің ойында жүрген сұрақтарына жауаптар алды. Кездесу өте әсерлі , қызықты өтті.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено