ҚұттықтаймызІІІ «Аналар асыл жандар» атты мерекелік кеш

07.03.2017

     Көктемнің алғашқы апталарын мерекемен бастайтын Қазақ елі – наурыз айына аса мән берген. Көктемнің жайма шуақ ауа – райы , алғашқы көктейтін мезгіл болғасын, бәйшешектің бүр жарып жер ана тамаша өңімен құлпырған бұл мезгілді – қадірлі әжелерге , аяулы аналарға , құрмет тұтар әпке – қарындастарымызға арналып ерекше әсер беріп тұрғандай. Өнер – даналықтың бастауы дегендей ,  №74 мектеп гимназия оқушылары «8 наурыз Халықаралық әйелдер күні» мерекесіне арнап «Аналар асыл жандар» атты Ұстаздарға концерт қойды.Концертте театр қойылымы ерекше әсер берді. Оқушылар сахна мәдениетімен кәсібилікті керемет сомдады. Жетекшісі: Капенова Асылзат Өржанқызы және де Қазақ дәстүріндегі би өнері , Ұстаздардың қошеметіне бөленді.  Мың бұралған бастауыш сынып оқушылары «Қазақ биі» және «Рокн-ролл» билерін биледі. Жетекшісі: Әбуова Индира Наурызбайқызы.Концертке тамаша сән кіргізіп,әсем әндерін арнаған Сембековтар отбасы қонаққа келді.Сахнаның көркі болған Домбырашылар ансамбльі теріс бұрауда «Секіртпе» күйін ойнап өз өнерлерін көрсетті. Жетекшісі: Қырықбаева Құралай. Концерт соңында директорымыз: Нүсіпжан Жеңіскүл Темірханқызы ұжымдағы қыз – келіншектерді  мерекемен құттықтап марапат дипломдарын табыс етті.

 

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено