«Білгірлер» сайысы

09.03.2017

Оқушыларды жан – жақтылыққа, ақыл–ой мен зияткерлікке тәрбиелеу мақсатында 4-сыныптар арасында Темірбекова Жұмагүл Сейітбекқызы, Мырышпаева Асем Асенгазыевна ұйымдастырылуымен  «Білгірлер» сайысы өтті. Сайысқа «Тапқырлар» тобы, «Алғырлар» тобы қатысты. Сайыс 5 кезеңнен тұрды.

  • Білгенге – маржан
  • Әліппе
  • Сөзжұмбақ құрастыру
  • Құрастырма сурет
  • Кім жылдам

Әр кезеңде оқушылар өз білімдерін көрсете білді. Ерекше көзге түскен  4 «А», 4 «Б», 4 «Г», 4 «Е» сыныптары болды. «Тапқырлар» тобы жеңіске жетті. Оқушыларды зерделі болуға баулитын, ақыл – ой, шығармашылыққа тәрбиелейтін танымдық іс – шаралар әліде көбейе берері сөзсіз.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено