«Жүйрік менің тұлпарым»

10.01.2017

Таяуда Алматы қаласында белгілі балалар сазгері, мәтінгер Бота Бейсенованың шығармашылығына арналған  «Жүйрік менің тұлпарым» атты республикалық байқауы өтті. Онда еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған әнші, биші болуға талаптанған шәкірттер бақ сынады. Мектебіміздің ашылғанына көп болмаса да Астана қаласындағы №80 мектеп-гимназиясынан бір топ үміткер бақтарын сынауға қатысты.  «Бақ шаба ма, бап шаба ма?» демекші жас ерекшеліктеріне байланысты    6 - сынып оқушысы Мерей Тұрмағанбетова Бас жүлдені иеленсе, 4-сынып оқушылары Самиғолла Ақзада      І орын, Әлімбай Арайлым және Абдуалиев Нариман  ІІ орын, Картова Жания және Саматұлы Нұржігіт ІІІ орынды бөлісті. Сондай-ақ  Мерей Тұрмағанбетова  2016 ж Республикалық «Самға жұлдыз» І орын, 2016  халықаралық «Жұлдызды Алматы-Звездное небо Алматы» І орын иегері атанды.  Мектебімізде өнерлі жастар көп. Айта кетсек, 8-сыныпта оқитын жетігенші әрі әнші Перизат Белқожа қалалық «Асыл мұра» байқауының     ІІ орын жүлдегері. 3-сынып оқушысы Укошева Аружан бірнеше республикалық, халықаралық конкурстардың жүлдегері, 38 медальдің иегері.

  Шайдилда Мадина   4-сынып, Карина Даяна 3-сынып, Буртебаева  Жанайым          1- сынып, Ырысбек  Ая 1-сынып оқушылары 2016 жылы болған Халықаралық  «Бейбітшілік Әлемі World of  Peace» конкурсының  жүлдегерлері.  4-сынып оқушысы Ташибаева Самира Халықаралық деңгейде Туркия,  Алматы т.б. қалаларда өткен байқаулардың жеңімпазы. Сонымен қоса, 7-сынып оқитын домбырашы Нүрпейісов Нұрсұлтан  республикалық, қалалық сайыстардың жүлдегері.







 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено