Озық тәжірибе тарату

10.01.2017

Бүгінгі Қазақстанға  қалыптан тыс ойлай алатын, шұғыл  шешімдер қабылдай білетін, белсенді, шығармашыл адамдар қажет. Сондықтан сабақтарда тек білімдік мақсаттарды шешіп қоймай, балалардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудын жолдарын қарастырған жөн. Ол үшін сабақтарда түрлі қызықты ойыңдар, ойын-есептер,  шығарым-тапсырмалар,  логикалық  жаттығуларды пайдаланудың мәні зор.

                Оспанова Зәуреш Сейтановнаның   «1-2 сынып. Логика» 2012 жылы шыққан және «3-4 сынып. Математикалық логика» 2013 жылы шыққан  әдістемелік- жинағында бастауыш  мектепте оқытылатын пәндердің бағдарламаларының тарауларына сәйкес қызықты материалдар жинақталған. Бастауыш  сынып оқушыларына  жұмбақтар, ребустар, логикалық  тапсырмалар, шытырман есептер,оқиғаның себебін анықтауға арналған қызықты мәтіндер, көңілді жаттығулар, математика және  тіл дамыту сабақтарыңда шығармашылық процесті меңгеруіне, ойын, тілін дамытуға көмегін тигізеді.

Сондықтан, озық тәжірибені тарату мақсатында Оспанова Зәуреш Сейтановна 1-4 сынып бастауыш мұғалімдері арасында көп жылғы тәжірибесін жинақтап, ата-аналарға, оқушыларға  көмекші құрал, жинақ,  әріптестеріне  әдістемелік – көмекші  құрал ретінде ұсынды.    

Тақырыбы: Бастауыш сынып оқушыларын логикалық ойлауға үйрету

Мақсаты:      

          Оқушылардың өздігінен білім алу дағдыларын қалыптастыруға, өз ойын,көзқарасын түсіндіру,дәлелдеуге үйретуге; логикалық  ойлау қабілеттерін  шыңдау жолдарын,  оқушыларды шапшаңдыққа,ұшқырлыққа,

уақыт үнемдеуге  тәрбиелеу әдістерін көрсету, тәжірибе бөлісу

Міндеттері:      

Оқушыны қисынды ойлауға үйрету барысында бастауыш сынып оқушысы білуге тиіс:

-өздігінен білім алуға үйрену;

-әр түрлі деңгейдегі логикалық есептер,оларды теңдеу құру

         арқылы  шығара білу;

- амалдардың  қасиеттерін білу, оны іс жүзінде  қолдана білу;

- түрлі түске бояу әдісін;

  - геометриялық фигуралар,олардың ерекшелігін,қасиетін білуге  тиіс;

 - қателесуден қорықпау,өз ісіне қорытынды жасау;









Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено