«Біздің үй» бағдарламасына қатысқан ақын студентіміз

03.02.2017

Ақпан айының 2-ші жұлдызында Астана қаласының  «ҚазМедиа» орталығындағы «Біздің үй»  бағдарламасында «Әртүрлі сала мамандары арасындағы поэзияны сүйетін жандар» тақырыбында кеш  өткізілді. Осы  кешке біздің колледжіміздің «Туризм» мамандығының 2-ші курс студенті Табысбек Ермұрат қатысты.
Поэзияны жаны сүйетін, жас ақын студентіміз Ермұрат өз өлеңдерін  оқып, ортаға салды.  «Біздің үйдің» қонағы болған танымал әнші, сазгер-ақын Роза Әлқожа мен бағдарлама жүргізушісі айтыскер - ақын Айнұр Тұрсынбаева тарапынан жас ақынның өлең саптауында сөздік қорының молдығы ерекше атап өтіліп, келешекте қаламынан осындай тамаша туындылар таралады деген тілек білдірілді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено