2017 жылдың 25 қаңтар күні Астанада Бүкіләлемдік 28-ші қысқы Универсиаданың Алау эстафетасы өтеді.
26.01.2017
Бұл іс-шараға біздің №10 мектеп-гимназиясының ұстаздары барып тамашалап келді. 
Елордадағы эстафета екі кезеңге бөлінген. Алаугерлер үш жарым сағат бойы қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтеді. Алғашқы кезең (сағат 11.00) «Назарбаев Университетінен» басталып, «Бәйтерек» монументіне дейін жалғасады. Екіншісі – «Бәйтерек» монументінен басталып, оң жағалаудағы қалалық әкімдік алаңында аяқталады.
Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 шақырымды құрайды. Алауды барлығы 60 алаугер алып жүреді, олардың арасында танымал спортшылар мен Астананың қоғам қайраткерлері бар. Олардың арасында Данияр Елеусінов, Василий Левит, Әлібек Наурызбайұлы, Мөлдір Мекенбаева сынды спортшылар бар.


Community discussions
Обсуждений не найдено
