«Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздікке 25 жыл»

15.12.2016

2016 ж. 15 желтоқсан күні №59 мектеп-лицейінде «Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздікке 25 жыл» атты мерекелік іс-шара  өтті. Бүгінгі іс-шарада мұғалімдерді мамандандырылған деңгейдегі жетістіктерімен құттықтау мақсатында алғыс хаттармен марапатталды.

Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25 жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз.

Тәуелсіздікті армандаған қазағым,
Ұшқан сұңқар аңсағандай еркіндікті.
Құрбан болған жастарды ұмытпайық,
16 желтоқсанда қанын төккен.
Алаштың батырларын ұмытпайық,
Қазақтың қамын ойлап құрбан болған.
Алаштың қадамдарын ұмытпайық,
Тәуелсіздік жолында лаулап жанған.
Батырларды, біз ұмытпайық,
Жігіттер мен қыздардың ерліктерін.
Құрметтейік аруақтарды жерде жатқан!
Тарихымызды, біз ұмытпайық,
Қазағымның басын қосқан Абылайды.
Қазағымның намысын қорғаған,
Жанын беріп, байтақ жерін сүйіп өлген
Болашақ болмас –тарихсыз, ұмытпайық!
Байтақ жерді ұрпағына сыйға тартқан,
Бабамызға шексіз алғыс айтам.
91-де тәуелсіздік ел болдық,
Елбасының еңбегін ұмытпайық!
Тәуелсіздікке зор үлес қосқан қазақ!
 

15 декабря 2016 г. в стенах школы-лицей №59 состоялся торжественный концертна тему«Елімнің бақытын тербеткен, Тәуелсіздікке 25 жыл», посвященный 25-летию Независимости Республики Казахстан. А также на торжественном концерте вручались благодарственные письма учителями с достижениями в проффессиональной сфере.

Современный Казахстан - независимое, суверенное, демократическое государство со стабильной экономикой и беспроигрышным планом на будущее.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено