Колледж ұжымы мүгедек жандарды тәуелсіздік күнімен құттықтады
13.12.2016Еліміздің бас қаласы Астанада ұйымдастырылып жатқан «Мейрімді қала» акциясы бойынша өткізіліп отырған іс-шараға колледжі ұжымы да атсалысуда.
Осыған орай ұжым өкілдері желтоқсанның 1-18-і аралығында Астана қаласында тұратын Верскин Сергей Александрович, Веселов Александр Михайлович, Веселова Галина Ивановна атты мүгедек жандармен кездесіп, олардың хәл жағдайларын сұрап, қандай көмек қажет екенін біліп қайтты.
Сонадай-ақ, оларды тәуелсіздігіміздің 25 жылдығымен құттықтай отырып, оларға қаржылай сыйлық пен елбасы атынан жазылған ашық хатты табыстады.
Community discussions
Обсуждений не найдено
