"Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіру жолдары"
09.12.2016№51 мектеп-гимназиясында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша серіктес мектептердің қатысуымен қалалық семинары. 9 желтоқсан 2016 жыл.
№51 мектеп-гимназиясында «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқу мен оқытудың тиімді әдістерін қолдану арқылы мұғалімнің іс-тәжірибесін жетілдіру жолдары» тақырыбы бойынша серіктес мектептердің қатысуымен сағат 9:00-де қалалық семинар өткізілді.
Семинардың мақсаты: білім мазмұнын жаңарту жағдайында білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін оқу мен оқытудағы жаңа әдістерді қолдана отырып, мұғалімдердің іс-тәжірибесін жетілдіруге ықпал ету және педагогтардың оқу-тәрбие жұмыстарын ұйымдастыруда тиімді әдіс-тәсілдерді қолдануын көрсету.
Семинарға Астана қаласының №№38, 42,44,50,52,64 мектептердің ұстаздары қатысты.
Семинар бағдарламасында:
1.Ток-шоу «Айтуға оңай».
2. Шебер-сыныптар.
3.Сыныптан тыс жұмыс түрлері (коучинг, тренинг, ата-аналар жиналысы).
4.Кері байланыс (өткізілген іс-шараларды талдау, бағалау)
Спикер:
Жусупов Ермек Айтмагамбетович – директордың бағдарлы оқыту жөніндегі орынбасары. Семинардың модераторы, ҚР жалпы білім беру басшыларының біліктілігін арттыру курсын 2014 жылы аяқтаған. Астана қаласы, ПШО.


Community discussions
Обсуждений не найдено
