Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауы
07.12.2016«Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешені мамандарының қатысуымен мектебімізде 06 желтоқсан күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығы мен Тұңғыш президент күніне арналған «Үздік сабақ», «Үздік педагог» байқауы өтті.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
- Мұғалімдердің кәсіби беделін көтеру, оларды қолдау және көтермелеу;
- Мұғалімдердің әлеуметтік және қоғамдық беделін жоғарлату;
- Шығармашыл педагогтарды анықтау және қолдау;
- Инновациялық педагогикалық білім беру саласының қызметтегі іс-әрекетін таратуға ықпал ету;
- Жаңа педагогикалық ойдың құралымы.
«Үздік сабақ» байқауына 9 мұғалім қатысып, оз іс-тәжірибесімен бөліссе, Р.Жумабаева, Г.Нигметова, Г.Мусаевалар «Үздік педагог» байқауына қатысып, шығармашылық жұмыстарын таныстырды.
Қазылар алқасының құрамына Астана қаласының Білім басқармасы және «Атамекен» Қазақстан Картасы» этно-мемориалдық кешенің «Мұражай педагогикасы» бөлімінің жетекшісі Мәлжанбай Азамат, жетекші мамандар Елкеева Индира Бекназаровна, Исақ Алуа Түгелбайқызы, Фаизова Еркежан Мадияровна болды.

Community discussions
Обсуждений не найдено
