Астанада Жастар форумы өтті
02.12.2016 Тұңғыш Президент күні қарсаңында Астанада жастар форумы өтті. Тәуелсіздік сарайында өткен мәртебелі шараға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысты. Аталған іс-шараға мектебіміздің 10 сынып оқушысы Бауыржанқызы Ақжан барып, Елбасымен жүздесіп қайтты. Білім мен өнердің биік шыңдарын бағындырған жастар серпінді жоспарларымен бөлісті. Елбасы осы ұрпаққа айрықша үміт артады. Өйткені, бұл жастар – Тәуелсіздіктің бел балалары, бақытты буын. Тәуелсіздікті кемелдендірудің жалғыз жолы- бірлік жолы. Біріңді бірің сыйла, тарихи жауапкершілікті түсін. Елбасы жастарға қарата талай өсиет айтты.
![]() |
![]() |
Community discussions
Обсуждений не найдено

