Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 - жылдығына арналған 1-сынып оқушылары арасында «Әкем, шешем және мен» атты жанұялық жарыс өтті
02.12.2016Мектеп пен отбасының, психологиялық қызмет пен ата-ананың өзара байланысының формалары мен әдістерін жетілдіру, мектеп пен отбасының бірлескен жұмысын жүйелеу, үйлестіру және кіріктіру мақсатында 1-сынып оқушылары арасында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығы аясында жанұялық жарыс өтті. Жарыс 7 түрлі бөлімнен тұрды. Сайысқа 8 команда қатысып, сынға түсті. Ата-ана - тәрбиенің шырағы екеніне көзіміз жетті. Барлық топта әкелер аса белсенділік танытты. Жанұялық жарыс өз мәресіне жетіп, қорытынды нәтижесі төмендегідей болды.
І орын – 1 «В» сыныбы, сынып жетекшісі Канафина А.Ж.
ІІ орын – 1 «А» сыныбы, сынып жетекшісі Омаршаева Н.Т.
ІІ орын – 1 «Г» сыныбы, сынып жетекшісі Мамекова Г.С.
ІІІ орын – 1 «Ә» сыныбы, сынып жетекшісі Қабыкеева Ү.Т.
ІІІ орын – 1 «Д» сыныбы, сынып жетекшісі Кигай А.


Жалпы мектебіміз өз жұмысында ата-аналармен байланыста болуды басты бағыт ретінде қарай береді.
Community discussions
Обсуждений не найдено