«Махамбет – тарихи тұлға»

19.09.2016

2016 – 2017 оқу жылы 17 қыркүйек күні М. Өтемісұлы атындағы Оқушылар сарайында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «Махамбет – тарихи тұлға» атты қалалық Махамбет оқулары болып өтті. Қалалық кезеңге іріктеуден өткен қала мектептерінің оқушылары өздерінің жас санаттары бойынша финалдық кезеңде сайысты. Аталмыш сайысқа мектебіміздің 5 «А» сынып оқушысы Талғатұлы Еламан, жетекшісі: қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Касымжанова Н. Н. қатысты. Сайыстың қорытындысы бойынша оқушымыз өз санаты бойынша жүлделі ІІІ орынға ие болды.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено