«ЖИТС немесе АИТВ туралы не білеміз?» тақырыбында түсіндіру жұмысы
26.10.2016Астана қаласы №49 орта мектебі және №3 қалалық емханамен бірлескен жоспарына сәйкес 2016 жылғы 26-қазан күні 8-11 сынып оқушыларымен «ЖИТС немесе АИТВ туралы не білеміз?» тақырыбында №3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мамандары тарапынан ағарту-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Адамзат өміріне қауіп төндіріп отырған қатерлі ЖИТС немесе АИТВ дертінің алдын алу, оның жұғу жолдарын, одан сақтану, қорғана білу туралы түсіндіріп, оқушылардың бойына салауатты өмір салтын дарытуды мамандар насихаттап, оқушылар арасында сайыс ұйымдастырып, оқушылардың ақпаратқа назарын аударып, өмірден мысалдар келтіріп, жағдаяттық тапсырмалар орындалды.


Community discussions
Обсуждений не найдено