«Дұрыс тамақтану және тамаққа қатысты аурулардың алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмысы
26.10.2016Астана қаласы №49 орта мектебінде 2016 жылғы 26-қазан күні 1-4 сынып оқушыларымен «Дұрыс тамақтану және тамаққа қатысты аурулардың алдын алу» тақырыбында №3 қалалық емхананың алдын алу және әлеуметтік көмек көрсету бөлімінің мамандары тарапынан түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
№3 қалалық емхананың Алимбаева Т.Т., Идирисова Л.С., Костанова Ж.С. сынды мамандары бастауыш сынып оқушыларына сауатты тамақтану жолдарын, жылдам дайын болатын тағамдарды тұтыну салдарынан ауру пайда болуы мүмкін екендігін, тамақ жеген кезде гигиеналық талаптарды сақтау керектігін түсіндіріп, тамақтануға арналған жадынамалар таратылды.


Community discussions
Обсуждений не найдено