1ТРА-116 топ студенттердің ұлттық спорт түрі бойынша турнирдің ашылуы барысында

16.09.2016

2016 жылдың 10 қыркүйек айында «Туризм» мамандағының  бірінші курс 1ТРА-116 топ  студентері Пекарская Виктория Евгеньевна кураторымен  бірлесе «Астана жұлдызы» ұлттық спорт түрі бойынша турнирдің ашылуына қатысты. Жобаның негізгі міндеті – жас ұрпақты ұлттық спортқа, мәдениетке, салт-дәстүрге, тұрмысқа бейімдеу. Турнир Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай өткізілді. Сайысқа Астана, Алматы қаласынан және 14 облыстан командалар қатысқа. Турнирді ұйымдастырушылар —Астана қаласы әкімдігі және Қазақстан Республикасының ұлттық спорт түрі бойынша Ассоциациясы.
         Студенттер көкпар, аударыспақ, тоғызқұмала, асық ату ұлттық ойындарын көріп және құс аулау көрінісін, тазы фестивалін  тамашалады. Сонымен қатар, іс-шараның қонақтарымен бірге күйгіз үйде ас ішу және алтын бақан тебу мүмкіндігі берілді. Білім алушылар жақсы әсерде қалды.





Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено