«Салауатты тамақтану мектебі»

08.09.2016

8 қыркүйек күні Сырбай Мәуленов атындағы №37 орта мектепте «Салауатты тамақтану мектебі» оқу – әдістемелік кешенінің авторы педагогика ғылымдарының кандидаты, оқытушы, «Астана» Университеті «Гуманитарлық пәндер» кафедрасының профессоры  Өрік Иманғожина, Білім басқармасының әдіскері Айман Мендыбаева және «Нестле Фуд Казахстан» ЖШС –нің өкілінің қатысуымен қала мектептерінің 2-3 сынып мұғалімдерімен кездесу өтті.

Оқу – әдістемелік кешенінің мақсаты – балалардың бойында салауатты өмір салтының негіздері мен тамақтану мәдениетін қалыптастыру. Оқу – әдістемелік кешенді факультативті курстардың аясында немесе сыныптан тыс жұмыстың элементі ретінде қолдануға болатынын таныстырды. «Нестле Фуд Казахстан» ЖШС –нің демеушілік қолдауымен өткізілетін сайыстарымен таныстырылды.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено