Жалпыға «Міндетті оқуды» жүзеге асыру және Республикалық "Мектепке жол" акциясы
30.08.2016Жалпыға «Міндетті оқуды» жүзеге асыру және Республикалық "Мектепке жол" акциясы
Мақсаты: Оқумен қамтылмаған балаларды анықтау, әлеуметтік аз қамтылған және көп балалы отбасынан шыққан оқушыларға, жетім балаларға қолдау, көмек көрсету.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқумен толық қамтуды қамтамасыз ету және көп балалы, аз қамтылған отбасылар, ата – анасының қамқорынсыз қалған, мүгедек балаларға материалдық көмек көрсету жұмыстарын белсендіру мақсатында Білім басқармасының 2016 жылғы 16 шілдедегі № 409 бұйрығы негізінде оқумен толық қамтудың кезекті қалалық айлығы мен жалпы республикалық “Мектепке жол” акциясы өткізу туралы № 72 мектеп – лицейінің 249 бұйрығы шығарылып, іс – шаралар жоспары бекітілді.

Атқарылған жұмыстар:
Мектептің шағын ауданын аралау;
Тізімдерді нақтылау;
Оқушылардың жаз бойғы қозғалысын;
Үйде оқитын балалардың сабақ кестесін құру;
1-5 сынып оқушыларының жаңа ортаға бейімделуі;
Оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету;
Тұрмысы төмен отбасы мен мектепішілік есепте тұрған оқушылардың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын зерттеу;
Ыстық тамақты ұйымдастыру;
Оқушыларды тереңдетілген медициналық байқаудан өткізу;
Техникалық қауіпсіздік ережелерімен таныстыру;
Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалануын ұйымдастыру;
Түнгі рейдтер.










Community discussions
Обсуждений не найдено
