Сәлем, Ресей!

23.08.2016

№ 31 мектеп-гимназиясының оқушылары үшін жазғы демалыстың соңғы күндері тамаша оқиғамен аяқталды.



Бұл шараға біз тыңғылықты дайындалып, тағатсыздана күттік. Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастық өкілдігінің арқасында біздің мектеп оқушылары «Сәлем, Ресей!» атты оқу-білім беру сапарына қатысуға мүмкіндік алды. Ресейдің тарихи орындарына бару сапары Сант-Петербург қаласында тамыз айының 4-нен 11-не дейін жалғасты.
 
Ресейдің солтүстік астанасын тамашалауға біздің мектептен Хлевная Владислава, Кеплин Ева, Аверина Екатерина, Маханова Карина, Лях Дарья барды. Сонымен қатар мемлекетіміздің  Павлодар қаласынан 4 оқушы, Оралдан 10 оқушы бұл сапарға бізбен бірге атттанды. Аталмыш  шараға басқа да мемелекеттерден қатысқан оқушылар бар. Олар: Бельгия, Ұлыбритания, Абхазия, Беларусия, Венгрия, Грекия және Италия мемлекеттері.

Сапар «Сәлем, Питер!» атты таныстыру кешімен басталды. Біздің мемлекеттің таныстыру бағдарламасы қызықты презентациямен басталып, ары қарай өлең жолдарына, әндерге, «Қара жорға» биімен, «Шашу» дәстүріне ұласты. Ал таныстыру соңында біз қонақтарға Қазақстаннан арнайы әкелген естелік сувенирларын сыйладық. Біздің таныстыруымыз өте ерекше болды деп айта аламын. Сонымен қатар Беларусия, Абхазия, Италия, Бельгия мемлекеттерінің таныстырулары ерекше есте қалды.

Біз Сант-Петербург қаласының көптеген тарихи жерлеріне барып? Көркіне тоймадық. Ресейдің солтүстік астанасымен танысуымыз Петропавл бекінісінен бастау алып, ары қарай әлемге әйгілі тарихи орындарға барумен жалғасты.

Бір аптаға созылған сапарымыз зымырап өте шықты. Бұл саапардан алған әсеріміз керемет. Біз осындай шараны ұйымдастырған азаматтарға алғысымыз шексіз. Үлкен Рахмет! Қазақстандағы ресей ынтымақтастық ұйым өкілдеріне шексіз алғысымызды білдіреміз!
 
Маркевич Светлана Сергеевна,
 «№ 31мектеп – гимназиясының» орыс тілі және әдебиет мұғалімі







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено