«Балдырған» мектепалды лагерінің жабылу салтанаты
10.06.201610 маусым – «Балдырған» мектепалды лагерінің жабылу салтанаты
Балалар 10 күн ішінде жақсы көңіл-күймен, зор қызығушылықпен, ұйымдасқан түрде ауысымды аяқтады. Ауысымның жабылу салтанатында балалар 10 күн ішіндегі өздерінің көңіл-күйлерімен бөлісіп, ән айтып, би билеп, белсенді қатысқан оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. №72 мектеп-лицей мектепалды жазғы лагерь әрқашан балалардың жазғы демалысын ұмытылмастай етіп іске асыруға бар күш-жігерін салуда. Сол күні балалар циркке барды. Жаздағы жақсы демалыс - жыл бойына қажетті күш –қуат.
Нәтижесінде:
- Жазғы мектепалды «Балдырған» лагерінің жұмыс барысы жоспар бойынша өтіліп, өз деңгейіне жетті.
- Сурет, қолөнер, мақал-мәтелдер, жарысында балалардың шығармашылығы ұйымдастырылды.
- Логикалық және спорттық ойын түрлері арқылы балалардың қызығушылығы артты.
-Қаланың көрнекті жерлерін көріп, саяхаттап қайтты.









Community discussions
Обсуждений не найдено
