Сауаттылық әлемі: мектепте және социумда

22.06.2016

Қазақстан Оқу Ассоциациясы, Алматы қаласында 15-17 маусым күндері «Сауаттылық әлемі: мектепте және социумда» атты 16­ – Ұлттық Оқу Конференциясын өткізді. Конференцияға Астана қаласының «RWCT мектебі» статусына ие болған №48 мектеп – лицейінен 12 ұстаз қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісіп қайтты. Біздің мектебіміздің ұстаздарының зерттеу тақырыптары өте жоғары бағаланды. Әсіресе, «Отбасылық сауаттылық оқу клубтары» жұмыстарына баса назар аударылып, тәжірибе алмасқысы келгендер көп болды.

Біздің өмірімізге ерекше із қалдырып, жанымызды толқытқан кездесу өтті. Қазақстан ұлттық академиясының академигі,профессор,физика-математика ғылымдарының докторы Асқар Серқұлұлы Жұмаділдаев «Математика мен физиканы ана тілінде оқытуға бола ма...» тақырыбында өз ойымен бөлісті. Бізді толғандырған мәселенің түйіні ғалым пікірімен  үндесті.

Осы конференция аясында жыл сайын оқушылар арасында «Үздік оқырман – 2016», «Үздік жазушы – 2016», «Үздік иллюстратор – 2016» өтті. Биылғы байқауда 9 «Б» сынып оқушысы Абдурахман Мирас «Үздік оқырман – 2016» номинациясының жеңімпазы атанды. Оқушыға бағалы сыйлық планшет тапсырылды. Бұл сауаттылығы дамыған №48 мектеп – лицейінің шыққан тағы бір биігі екенін мойындауымыз керек. Мирастың жетекші ұстазы Алтын Момынқұловаға алғыс айтамыз.







Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено