БІЛІМНІҢ ШАМШЫРАҒЫН ЖАҚҚАН БІЛІМ ДОДАСЫ

01.06.2016

   2016 жылдың 18-20 мамыры аралығында Алматы облысы Талғар ауданында  Республикалық  деңгейінде «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы -  тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді жолы» атты форумы  және ҚР Кіші Ғылым Академиясының «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша ХVІ Республикалық ауызша командалық олимпиадасы өтті.  Олимпиада  Қазақстан Республикасы Кіші ғылым академиясы,  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті және Талғар ауданы  Білім басқармасының ұйымдастыруымен өткізілді.  Олимпиада Талғар ауданына қарасты «Ақбұлақ» шипажайының ғимаратына №49 орта мектеп мұғалімдерімен ұйымдастырылды. Олимпиадаға шақырылған қонақтар қатарында  Құлсариева Ақтолқын Тұрлыханқызы- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқу ісі жөніндегі проректоры, Миразова Аягүл Төреқызы - ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, Таубаева Ғалия Закарьяновна- Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің доценті, Ахметов Тоқтабай – Ш.Уалиханов атындағы тарих және этнология институтының бас ғылыми қызметкері, профессор, Шаяхметова Интық – Алматы технологиялық университетінің доценті, Турсунов Гаждембек Куанышевич- Павлодар облысы «Ертіс дарыны» өңірлік қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығының директоры, Турсунова Майжан Пшенбаевна- Инновациялық Еуразия универсиеті Біліктілікті жетілдіру институтының директоры және мектеп директорлары мен өңірлік «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының модераторлары болды.

       Олимпиадаға  республика бойынша  63 командадан  250 оқушы қатысты. Жалпы Астана қаласынан балабақша мен  1-8 сыныптар бойынша 33 команда өз білімдерін сынады. Ал, №66 мектеп-лицейінен 13 командадан 50 оқушы қатысты. Білім додасының бірінші бөлімінде командалар әр сынып бойынша белгіленген кабинеттерде ауызша командалық олимпиадада білімдерін сынады. Оқушылар қазақ тілі, ана тілі, дүниетану, математика, қазақ әдебиеті, орыс тілі, ағылшын тілі, Қазақстан тарихы пәндерінен өз білімдерін жоғары деңгейде көрсете білді. Әділқазы алқалары да бірнеше пәннен бір уақыттың ішінде білімдерін ғылыми тұрғыда көрсеткен оқушылардың білімдеріне таң қалысып жатты. Екінші бөлімінде ІІ республикалық «Зерделі, зерек дарынды тұлға» атты инттелектуалды марафон өтті. Марафонда оқушылар Алаш арыстары үш бәтерегіміз: Бейімбет, Сәкен, Ілияс шығармаларын талдай отыра, үй жұмысына берілген макеттерін жан-жақты қорғай білді. Қатысушы оқушылар өздерін зияткер тұлға ретінде жоғары деңгейде көрсеті. Келесі кезекте қатысушы командалар өздерінің топтарының атауы, әнұраны және топ әнімен таныстырып өтті. Әр команда мүшелерінің таныстырулары нақышты дауыстарымен, мың бұралған билерімен  бір-бірінен асып түсіп жатты. Бір күнге созылған білім сайысының соңы марапаттаумен аяқталды.  Оқушыларға диплом мен сыйлыққа кубок таратылса, дайындаған жетекшілеріне Мақтау қағаздары табысталды. Қатысушы командалар арасында бас жүлде, І,ІІ,ІІІ орындар тағайындалды. Атап айтқанда, мектебімізден , бес команда - бас жүлде, бес команда - І орын, бір команда – ІІ орын, екі команда – ІІІ орынды қанжығасына байлады. Олимпиаданың бас-аяғында қатысып отырған ата-аналар балаларының жетістіктеріне куә болды. Ал оқушылардың жүзінен қуаныш нұры байқалды.

      Білім мерекесінің екінші күні, яғни 19 мамыр күні «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы -  тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырудың тиімді жолы» атты форуммен жалғасты. Форум үш бөлімде: пленарлық мәжіліс, шеберлік сыныптары, дөңгелек үстел түрінде өткізілді. Мәжіліс бөлімінде технология модераторы Мұхтарова Есенгүл Мұхтарқызы «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы бойынша өңірлердегі тәжірибелік алаң жұмыстарына қорытынды жасай отыра, жетістіктеріне тоқталып өтті. Қазіргі таңда пән мұғалімдерінің халықаралық, республикалық, қалалық байқаулар мен сайыстарда жүлделі орындарға ие болып жатқандығын қуанышпен айтып өтті.

 Шеберлік сыныптарында олимпиадаға қатысушы 3-сынып оқушыларымен Астана қаласының № 8, 66 мектеп-лицейінің, Жамбыл облысы Жуалы ауданы №19 мектеп мұғалімдері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы  арқылы бастауыш сынып оқушыларының байланыстырып сөйлеу машығын қалыптастыру» тақырыбында, Астана қаласы №4,66,74 мектеп-лицейінің мұғалімдері «Сатылай кешенді оқыту» технологиясы – үш тілді байланыстыра меңгертудің тиімді жолы» тақырыбында шеберлік сыныптарын көрсетті.  Шеберлік сыныптары арқылы  «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының сапалы білім берудегі, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырудағы тиімділігін тағы бір қырынан көз жеткіздік.

    Дөңгелек үстел барысында Республика бойынша әр аймақтағы жұмыс нәтижесіне пән мұғалімдері тоқталып өтті. «Сатылай кешенді оқыту» технологиясының сапалы білім берудегі бірден-бір ұтымды технология екендігіне көз жеткізе білді. Форум соңында болашақта технологияның аясының дамуына бірнеше ұсыныстар жасалды. Атап айтқанда, 2017 жылы Алаш арыстарының 100 жылдығы. Соған орай олардың әлі де толық зерттелмеген  педагогикалық, психологиялық, әдістемелік  саладағы идеяларын, құнды еңбектерін мектептерге, ЖОО-ға енгізсек, сол азаматтардың ойларын, тұжырымдамаларын жарыққа шығарсам» деген Нұрша Алжанбайқызының  үлкен арманы бар. Ұлт ұстаздарының білім беру саласындағы  құнды еңектерін басшылыққа алып респуликалық деңгейде  ғылыми-практикалық конференциялар, тақырыптық көрмелер, шығармашылық конкурстар т.б. танымдық-тағылымдық  іс-шаралар өткізсек деген жоспарларымыз бар. Форум соңында ұсыныстар бірауыздан қабылданды. Болашақтағы қарқынды жұмыс сол арадан басталып жатты.

Толығырақ >>



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено