"Күншуақ" лагері күнделігі
01.06.2016 Мамырдың 30-ы күні мектеп жанындағы «Күншуақ» лагері жылдағыдай өз жұмысын бастап кетті. Лагерге бастауыш сыныптың 420 оқушысы қамтылып, 12 топ құрылды. Балалармен 30-дан астам педагогтар тәрбие жұмысын жүргізуде. Лагерде қызықты және мазмұнды демалу бағдарламасы әзірленген.

31 мамыр күні лагерде бантиктер күні өтті. Сайысқа балалар жауапкершілікпен қарап, дайындалып келген. Ең көп бантик «Ақ желкен» тобындағы Жансаяда болды.
Бұл күні топтар арасында арттерапияның бір түрі маска терапиясы өтті. Мақсаты: әртүрлі материалдардан маска түрлерін жасап үйрену.
Түскі астан соң топтар арасында «Кімнің арқаны ұзын?» деген ойын сайыс өтті. Жарыс өте қызықты болып, балалардың көңілдерінен шықты.

Ал бүгін 1 маусым – балаларды қорғау күнінде «Күншуақ» лагеріндегі 300-ден астам бүлдіршін «Астаналық» баққа барды. Әткеншектер теуіп, тегін таратылған балмұздақтардан жеп, тәтті шырындар ішті. Әртүрлі ойындарға қатысып, концерттік бағдарлама тамашалады.
Бастауыш сынып мұғалімі: Есіл Ж.Ө.
Community discussions
Обсуждений не найдено
