Сыңғырла соңғы қоңырау!

25.05.2016

       Мамыр айының 24-25 күндері мектебімізде 2015-2016 оқу жылының соңғы қоңырауы соғылды. Салтанатты жиынның басында мектеп директоры Жакенбай Шәріпхан Қажытайұлы оқу жылын қорытындылады. Білім ордасындағы басты шаралардың біріне арнайы ат басын бұрған құрметті  қонақтар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Мемлекет тарихы институтының бас ғылыми қызметкері Қалиев Жабай Нұрмақұлы, Қазақстан Республикасының білім беру ісінің құрметті қызметкері Тілеубек Ысқақұлы оқушыларды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, түлектерге алда келе жатқан сыннан сүрінбей өтуге тілек білдірді. Өнерлі оқушылар ән айтып, би биледі. Оқу жылын Үздік бітірген оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды.


 

 

 

Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: Шабкенова С.Ж.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено