2016 жылдың 21 мамырында өткізілген мәдени-көпшілік, спорттық, достық іс-шаралар

26.05.2016

Арнайы  жоспармен  бекітілген  мәдени-көпшілік  және  спорттық, достық  іс-шаралар жоғары  дәрежеде  өтті. Іс-шараның  басты  мақсаты  жасөспірімдер  мен балалардың   демалысын  тиімді ұйымдастыру, салауатты  өмір салтын  насихаттау бағытында болатын. Бұл іс-шараға мектептің 1-11 сынып оқушыларынан 1980 оқушы қатысты. Ата-аналардың да белсенділігі зор болды.

5-ші   сыныптар  арасында ұйымдастырылған «Көңілді  эстафета» дене тәрбиесінің  мұғалімі Сүлейменов  Әліби және сынып  жетекшілерінің басшылығымен өте сәтті өтті.

І орын- 5 «Ә» сыныбы, жетекшісі Бөстекова Г.

ІІ орын- 5 «В» сыныбы, жетекшісі Үсенова Ш.

ІІІ орын-5 «А»сыныбы, жетекшісі Тохсан Д.

2-4 сынып оқушылары бой жазу  жаттығуларын жасаса, 6-шы  сынып оқушылары  Халық  добынан  жарысты. Ерекше  көзге  түскен  сыныптар: 2 «В»,3 «А»,2 «Ә»,4 «Б»,4 «Г». 

7-ші сыныптардың  ұл балалары - футбол, қыз  балалары-пионерболдан  сайысқа түсіп  ата-аналарды, оқушыларды, ұстаздар қауымын  қатты қуантты. 7 «А»,7 «Ә»,7«Б» сыныптары белсенділік  танытты. 8-9 сыныптар мини футболдан  турнир, ал 10-11 сыныптар арасында  «Жеңіл атлетикадан» сайыс өтті.

8 «Ә», 8 «Г»,9 «А»,9 «Б»,10 «А», 10 «Ә»,10 «Б»,11 «А»,11 «Ә» сыныптары жүлделі  орындарға ие болды.

Барлық іс-шараны ойдағыдай өткізуге жауапкершілікпен қараған  дене тәрбиесінің  мұғалімдері Жанатқан Қуанбек, Байдол Хайралас, Әбішова Алтын, Төлендиев Н - ға  және  сынып жетекшілеріне мектеп әкімшілігі үлкен алғыс айтты.

Бұл  күні көпшілік көңілінен   шығып  жүрген дәстүрлі  шаралардан бөлек, бағыты   жаңа, мазмұны  тың  мерекелік  көңіл-күй сыйлайтын    концерттік сазды  бағдарлама да болды.

Негізгі мақсат спорттық  және мәдени іс- шара  арқылы жасөспірімдерді   құқық  бұзушылықтың  алдын  алуға тәрбиелеу болатын. «Салауатты  ұлт-салауатты  ұрпақ »,  «Еліміз - достық пен  татулық  мекені », «Ынтымағы    жарасқан  әсем,  Астанам!» атты   көркем сөздер  іс-шараның   ажарын  аша түсті. Осындай мәдени-спорттық  көпшілік іс-шаралар өз  жалғасын таба  береді.



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено