ХАБАРЛАНДЫРУ

26.05.2016

Дарынды балаларға арналған №81 "Astana English School гимназиясы" 2016-2017 оқу жылының 2-8 сыныптарына оқушылар қабылдайды. 2-8 сыныптарға оқушылар қабылдау қазақ тілі, математика  және ағылшын тілі пәндерінен сынақ (тест алу) арқылы, конкурстық негізде жүргзіледі. Конкурсқа  2-8 сыныпты "үздік" және "оқу екпіндісі" үлгерімімен оқып аяқтаған оқушылар қатыса алады. Конкурсқа қатысу үшін табельдерінің көшірмелері ұсынылады.

       2-8 сыныптарға қабылдану үшін   28 мамыр күні емтихан жүргізілетінін хабарлаймыз.

 Емтиханның басталу уақыты :  9-00.

                     
                    2-8 сыныпқа қабылдануда төмендегі құжаттар ұсынылады:

1. Мектеп директоры атына өтініш;
2. Оқушының жеке іс-қағазы, мектептің мөрімен бекітілген үлгерімі туралы табельдері;
3. Баланың денсаулық паспорты, медициналық №63, №26 формасы;
4. Баланың туу туралы куәлігі (көшірме);
5. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтама;
6. Мекенжай анықтамасы;
7. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмелері;
8. ЖСН (ИИН) көшірмелері;
9. 3х4 көлемдегі 2 фотосурет; 
                        
                    1-сыныптарға оқушылар қабылдау туралы хабарландыру 
                            
                                             Құрметті ата-аналар!
  
       
Дарынды балаларға арналған №81 "Astana English School" гимназиясы 2016-2017 оқу жылына 1 сыныптарға оқушылар қабылдайды. 1-сынып оқушыларын қабылдау психологиялық тест жүргізу және ағылшын тілі пәнінен тест алу арқылы конкурстық негізде жүргізіледі. 
     
1-сыныпқа қабылдау:
1-сыныпқа қабылдау емтиханы мамыр айының 28 күні өтеді.

                           Мектепке қабылдау келесі құжаттар арқылы жүзеге асырылады:

1. Баланың заңды өкілдерінен өтініш;
2. Баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі;
3. Денсаулық паспорты, №26 және егу картасы№63;
4. Мекен-жай анықтамасы немесе өтініш берушінің тұратын орнын анықтайтын басқа құжат;
5. 3х4 көлемдегі 2 фотосурет;
6. Ата-анасының жұмыс орнынан анықтамалары;
7. Ата-анасының жеке куәліктерінің көшірмесі;
8. ЖСН  (ИИН) көшірмелері;
9. Бала бақшадан анықтама (егер бар болса).

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено