Жігітке жеті өнер де аз!
24.05.20162016 жылдың 19-20 мамыр күндері оқу ордамызда «Жігіт сұлтаны – 2016» байқауы болып өтті. Байқау шарттары бойынша жiгiттер таныстыру, өнер көрсету, кiр тасын көтеру, күш сынасу, желке тартыс, танымдық сұрақтар бойынша сайыстарынан өзара сынға түстi.
Сайыстың мақсаты: колледж білім алушыларының патриоттық сезiмдерiн көтеру, ұлттық өнердi насихаттау, жастар арасынан өнерлi, бiлiмдi нағыз сегiз қырлы, бiр сырлы «жiгiт сұлтаны» деген атқа лайықты нағыз азаматты таңдап, оны насихаттау.
Жүйріктердің жүйрігі анықталатын додада «Тамақтандыруды ұйымдастыру» бөлімінің атынан шыққан 1 ОПП – 215 тобының білім алушысы Ахметов Дарын I орын «Жігіт сұлтаны – 2016» атағын жеңіп алды.
Жеңiмпаз жiгiттерiмiз арнайы дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Сайысқа қатысқан сұлтандарымыздың, нағыз қазақ жігіттерінің бәрі де тамаша өнер көрсетті. Бұл олардың ертеңгі үлкен сынға қадам басқан бастауы. Шын жүректен құттықтай отырып, әрқашан сыналған шақта сүрінбей, қадамдарыңа нұр жаусын дейміз!

Community discussions
Обсуждений не найдено
