«Қош бол, балабақша!» атты балабақшамен қоштасу кешіне дайындық
13.05.2016Бүгінгі бала-ертеңгі жаңа әлем. Сондықтан оған жүйелі білім беріп, ынта-ықыласын дұрыс бағыттауды, қабілет-қасиеттерін дамытуды балабақшадан бастауымыз керек. Балабақша өмірі күнде бір қызыққа толы әлем. Жыл бойы балабақша тәрбиеленушілері балабақшаішілік және қалалық сайыстарға белсене қатысып отырады.
Балабақшамызда атаулы әр мерекеге, жылдық жоспарға сәйкес іс-шаралар ұйымдастырылып орындалып отырады. Атап айтар болсақ «Өзін-өзі тану: махаббат пен шығармашылық педагогикасы» атты республикалық конкурсқа белсене қатысып, ата-аналармен шығармашылық жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде мектепалды даярлау тобының тәрбиеленушісі Тумырзина Томирис жүлделі ІІ орынға ие болып, дипломмен марапатталды.
Сонымен қатар қалалық балалар жол көлік травматизмінің алдын алуға бағытталған брейн-ринг сайысына қатысып, «Жас реттеуші» номинациясы бойынша марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған «25 пайдалы іс» республикалық акциясын іске асыру бойынша мектепке дейінгі тәрбие және оқыту мекемелері арасында «Менің әкем» атты қалалық қолданбалы өнер байқауына қатысып, Білім басқармасының атынан Алғыс хатқа ие болды.
Жеңіс күніне орай әскери-тарихи мұражайға саяхат жасап, керемет әсер алып қайттық. Балалар қызығушылық танытып, мұражай қызметкерлеріне сұрақтар қойып өз ойларымен бөлісті.
Қазіргі таңда балабақша ұжымы мектепалды даярлау топтарының «Қош бол, балабақша!» атты балабақшамен қоштасу кешіне дайындық үстінде.
Community discussions
Обсуждений не найдено
