Мен және менің отбасым
06.05.2016Отан қорғаушылар күні қарсаңында мемлекеттік тілде оқытылатын бастауыш сынып оқушыларының арасында «Мен және менің отбасым» атты спорттық эстафеталық жарыс өтті. Тәрбиелік іс-шараның мақсаты: Отан отбасынан басталатынын түсіне білу арқылы оқушылардың бойындағы отансүйгіштік , ержүректік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптеу; Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу. Барлық отбасылар жарысқа белсене қатысып, жеңіске жетуге ұмтылды. І-орынды суырылып алға шыққан 1 «Қ» және 2 «Т» сыныптарының Өміртай және Орынбасар отбасылары алды. Жеңістеріңіз құтты болсын!
Community discussions
Обсуждений не найдено
