«Ұлт бірлігі – ұлы байлық»

03.05.2016

Халқымыздың «Бірлік болмай - тірлік болмас» деген дана сөзі бар. Тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі экономикалық – әлеуметтік салаларындағы тұтас жетістіктері тек бірліктің, сол бірлік арқылы келетін тұрақтылықтың арқасында ғана орын алды.

29 сәуір №73 мектеп-лицейінде 1 мамыр – Қазақстан халықтарының  бірлігі күніне  орай «Ұлт бірлігі – ұлы байлық» тақырыбында  фестиваль- конкурс  ұйымдастырылды. Әр ұлттың мәдениетін, өнерін көрсететін бұл сайысқа №52 мектеп-гимназиясы да қатысты.  Оқушыларымыз өзбек халқының  салт-дәстүрлерін таныстырып,  «Қызыл алма» биін билеп, ұлттық тағамы - палау әзірледі.  Қаланың 7 мектебі қатысқан бұл сайыста мектебіміз жақсы өнер көрсетіп,  І-орынды иеленді. Сайысқа қатысқан барлық мектептер марапатталды, сонымен қатар оқушыларды дайындаған жетекші мұғалімдерге  де  алғыс хаттар берілді.

 



Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь
Back

Community discussions

Обсуждений не найдено