«Таза қала – көңілді қала» атты жалпы қалалық сенбілік
27.04.20162016 жылдың 15 сәуірінен 15 мамыр аралығында әр сенбі сайын өтетін «Астана-таза қала» атты айлыққа колледж студенттері белсене қатысуда.
Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімшілігінің біздің колледжге бөлген жер телімінің сызба-жоспарына сай студенттер топпен тазалық жүргізді. 2016 жылдың 23 сәуірінде коледждің инженерлік-оқытушылық құрамы мен студенттері «Таза қала – көңілді қала» атты жалпы қалалық сенбілікке қатысты. Бекітілген жер телімдері мен Ш.Бейсеков көшесін, сонымен қатар, колледж аймағын , маңындағы тұрғын үйлер ауласын тазалады.
Сенбілік нәтижесінде оқу орынның барлық аймағы мен Ш.Бейсеков көшесі қоқсықтардан тазартылып,ағаштардың артық бұтақтары кесіліп, әктелінді. Қоқсық сыртқа шығарылды.

Community discussions
Обсуждений не найдено