«Талантты ұстаз-дарынды балаларға» қалалық байқауы
08.04.2016 ХХІ ғасыр — білімді, талантты, әлемнің, елдің және отбасының тағдыры үшін жауапкершілікті мойнына ала білетін жастардың дәуірі. Ендеше, Қазақстанды дамыған елдер қатарына қосу міндетінен жастар да шет қала алмайды, қайта соның нақ ортасында болады деп сендіреміз.
Жас мамандарды қазіргі өмір талабына сай, нәтижеге бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиямен жан - жақты іздену керек.
Әрбір жас мұғалімнің жаңаша жұмыс істеп, үнемі ізденісте болуы бүгінгі күннің талабы болса мектептегі басты тұлға – мұғалім. Ы.Алтынсарин сөзімен айтсақ, «Мұғалім - мектептің жүрегі». Жаңа формация мұғалімі – білімнің өзіндік құндылығын түсінетін, жүрегі жаңалық деп соғып тұратын, кәсіби дағдылары дамыған педагогикалық дарын иесі болуы тиіс. Міне, осындай дарында жас мамандарымыздың бірі бастауыш сынып мұғалімі Рахимкулова Дамира Асқарқызы 2016 жылдың 7 сәуір күні «Астана дарыны» өңірлік-практикалық орталығының ұйымдастыруымен Астана қаласы №71 мектеп-лицейінде өткен «Талантты ұстаз-дарынды балаларға» қалалық сайысында ІІ орынды жеңіп алып, республикалық байқауға жолдама алды.
![]() |
![]() |
![]() |
Community discussions
Обсуждений не найдено



